Ұлттық Банкте жұмыс істегіңіз келе ме?

Ұлттық Банкте жұмыс істегіңіз келе ме?
Сурет: Мassaget.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі талантты жастарды жұмыс істеуге тарту мақсатында өндірістік тәжірибеден өткізу үшін студенттерді қабылдайды.

Тәжірибеден өтуге өтініш тапсыру бүгін басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚҰБ сайтына сілтеме жасап.

Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:            

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша соңғы курсында оқу;
  2. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).

Қатысушылар тапсыратын өтінім 2021 жылғы 20 қазаннан 20 желтоқсанға дейін қабылданады. Іріктеуге қатысу үшін қандай құжаттар керегін мына жерден біле аласыздар.