«Қазақ стилінде» жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы өзін Головкинмен салыстыратындарға наразылық білдірді

«Қазақ стилінде» жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы өзін Головкинмен салыстыратындарға наразылық білдірді
Сурет: Inform.kz

Мен – «Қазақ стилімін». Менің стилім басқаша - Әлімханұлы

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы көптеген бокс әуесқойлары мен журналистердің өзін осы дивизионда өнер көрсететін отандасы Геннадий Головкинмен салыстыратындарына наразы екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Былғары қолғап шебері бұл туралы Твиттердегі жеке парақшасына жазды. Жәнібектің айтуынша, Генадий өз жолымен жүріп келе жатыр және рингте өзінің даралығын көрсеткісі келеді.

«Бәрі мені Қазақстанның жаңа Головкині деп айтады. Мен бәріне жаңа Головкин емес екенімді айтқым келеді. Мен – Жәнібекпін. Мен – «Қазақ стилімін». Менің стилім басқаша. Менің оқиғам да ерекше!» - деп жазды боксшы Twitter-ге.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасын 21 мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Ол орта салмақтағы Ұлыбритания өкілі Дэнни Дигнумоммен бос тұрған WBO әлем чемпионы титулы үшін айқасады.