Өрттен жапа шеккен өңірлер апат аймағы деп жариялады

Өрттен жапа шеккен өңірлер апат аймағы деп жариялады
lenta.ru

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған орман өрттерінен зардап шеккен ел өңірлерін апат аймақтары деп жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мұнда тілсіз жаудың бой бермей тұрғанына бірнеше күн болды. Десе де, өршеленген 98 өрт ошағының 88-інде қауіп сейілді.

Қазір 5 провинцияда орман өртеніп жатыр. Олардың арасында туристік орталықтар да бар. Соңғы мәлімет бойынша, өрттен 6 адам опат болған. Олардың арасында шетелдіктер жоқ. Тағы 200-ге жуық адам жапа шекті. Билік оларға өтемақы төленетінін мәлімдеді. Бұл мақсатқа 3 жарым миллион доллар бөлінген.