Әл-Фараби даңғылының бойында жайылып жүрген бір үйір жылқының иесі табылды

Әл-Фараби даңғылының бойында жайылып жүрген бір үйір жылқының иесі табылды
Сурет: Inform.kz

Президент саябағының маңында жайылған жылқылардың иесіне айыппұл салынды

Алматы полициясы әл-Фараби даңғылының бойында жайылып жүрген бір үйір жылқының иелерін тауып, оларға айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әл-Фараби даңғылының бойындағы Президенттік саябақтың маңында жайылып жүрген жылқылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті жылқылардың әл-Фараби даңғылында жайылып жүргені туралы ақпарат расталғанын хабарлады.

«Аталған мекенжайға Бостандық ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аттанды. Тәртіп сақшылары жануарлардың (жылқылардың) иесін анықтады. Оларға қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы заңнамасының 408 -бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Айыппұл салынды. Сонымен қатар профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Айта кетейік, жылқылардың иесі Алматының Наурызбай ауданында тұрады.