Үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті

Үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті
inform.kz

Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», - деді Президент.