Үкімет отырысында санаққа дайындық мәселесі қаралады

Үкімет отырысында санаққа дайындық мәселесі қаралады
Сурет: Avesta-news.kz

Отырыста қаралатын тағы бір мәселе – санитарлық-эпидемиологиялық ахуал.  

Сейсенбі күні, 24 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күн тәртібінде: 
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал; 
ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», 
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 
ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» 
ҚР Президенті Жарлығының жобасы;  2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және оны өткізу.