ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Сурет: Egemen.kz

Тағайындау: лауазым

Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов ҚР Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Марат Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы, лицензиялары:

  • Челябі жоғары танк командалық училищесі (1988);
  • Броньды танк әскерлерінің Әскери академиясы (1997);
  • Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас Штабының Әскери академиясы, алтын медальмен (2010)

Еңбек өтілі:

  • Танк дивизиясы танк полкінің танк ротасының командирі (01.1993-06.1993);
  • Танк дивизиясы танк полкінің оқу танк батальонының командирі (06.1993-07.1994);
  • Штаб бастығы - мотоатқыштар бригадасы командирінің орынбасары (07.1997-12.2000);
  • ҚР ҚМ Әскери-ғылыми орталығы әскери-арнайы зерттеулер басқармасының бастығы (12.2000-07.2002);
  • Мотоатқыштар бригадасының командирі (07.2002-12.2003);
  • Штаб бастығы - мотоатқыштар бригадасы командирінің орынбасары (12.2003-11.2004);
  • Жағалау қорғанысы бригадасының командирі (11.2004-02.2005);
  • Механикаландырылған бригаданың техника мен қару-жарақты сақтау бөлімінің бастығы (02.2005-03.2006);
  • Штаб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы жедел басқармасының бастығы (03.2006-08.2008);
  • Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы (07.2010-07.2013);
  • Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы (07.2013-01.2014);
  • Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы (01.2014-06.2016);
  • «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (06.2016-05.2019);
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы (05.2019-11.2020);
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары (11.2020 бастап)