Қазақстанның теле-радио арналарының жұмысы уақытша тоқтайды

Қазақстанның теле-радио арналарының жұмысы уақытша тоқтайды
Сурет: Іrkobl.ru

Жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

11 қарашада «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын тарату желілеріне жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2021 жылғы 11 қарашада сағат 3.00-ден 17.00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша теле және радиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ сайтында.