Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Novostipmr.com

Кей жерлерде жел күшейеді 

25 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап. 

«Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар жаңбыр, найзағай, бұршақ жауатын республиканың шығыс жартысына әсерін сақтайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік пен солтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады»,– делінген хабарламада.