Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдайды

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдайды
Сурет: Lenta.ua

29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамы.

Синоптик мамандар алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41, солтүстік пен шығыста 23-33, орталықта 25-37 градусқа дейін жылылық болады.