Эпидахуал жақсарса, қазақстандық оқушылар күзде мектепке оралады

Эпидахуал жақсарса, қазақстандық оқушылар күзде мектепке оралады
Сурет: 24.kz.

Ұстаздардың 100% екпе алғаны жөн. 

Қазақстан Үкіметінің мүшелері алдағы күзде мектеп оқушылары қандай форматта білім алатыны туралы айтты. Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев барлығы эпиахуалға байланысты дегенді айтты, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», - деді  Жомарт Қарамбаев.

Оның айтуынша, қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты.

«Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», - деді ведомство өкілі.