Қазақ жігіті битбокстен әлем чемпионы атанды

Қазақ жігіті битбокстен әлем чемпионы атанды
Сурет: Detsky-prazdnik.ru

Қазақ баласы битбокстан жеңімпаз атанды.

Оралдық Эльдар Ғабдуллин битбокстен АҚШ-та өткен әлем чемпионатында үздік атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз үшін онлайн режимде ұйымдастырылған байқауда топ жару оңай болмапты. Интернеттегі ақауларға байланысты өзі орындаған шығарманы бірнеше мәрте қайта жазуға тура келген. Бірақ жеңіске деген жігері алға жетелеген жас ақыры өзін мойындатып, бас жүлдеге лайық деп танылды. Бұл битбокс шеберінің алдағы чемпионаттарда бақ сынауына мүмкіндік береді екен.  Битбоксинг – бұл дауыс, ауыз бен ерін және тілдің көмегімен түрлі әуендерді шығару өнері. Алғаш рет Америкада пайда болып, кейін басқа құрлықтарға таралған. Эльдар Ғабдуллин битбокспен 2015 жылдан бері айналыса бастапты. Басында өнердің қай түрін таңдасам деп көп ойландым. Кейін дәл осы жанрдың жаныма жақын екеніне көзім жетті, - дейді ол. 

«Теледидардан көрдім, бір бэнд сияқты, группа жиналды сосын. Жылдам тутойрл істеп, пп бочка, тц-хлед, тшш хед, соның бәрін жылдам үйреніп алып, осымен айналысып көрейін деп ойладым», - деді битбокстен әлем чемпионы Эльдар Ғабдуллин.    

Эльдардың ешқандай музыкалық білімі жоқ. Дегенмен үздіксіз ізденістің арқасында жаңа жанрды жылдам меңгерді. Тіс пен тілдің арасынан шығатын түрлі дыбысты бір жүйеге түсіріп, өзіндік ритмикалық бағытын тапты. Әлемдік деңгейдегі битбоксерлерді  мойындатты. Битбокстың елімізде кең тарала қоймағанын ескерсек, жеңістің де оңай келмегені түсінікті