Қарулы Күштердің ресурстарын басқару автоматтандырылды

Қарулы Күштердің ресурстарын басқару автоматтандырылды
Сурет: Viires.kz

Ол әскерлер барынша тиімді пайдалану үшін қажетті интеграцияланған ақпаратты жедел жинауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – жұмылдыру, материалдық-техникалық және кадр ресурстарын есепке алу үдерісін автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйелер.

 Аталған жүйе Қорғаныс министрлігі, Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері, Әскери-теңіз күштері, өңірлік қолбасшылықтар мен басқа да басқару буындарының құрылымдық бөлімшелерінде әзірленіп, іске қосылды.

Ол әскерлерді барынша тиімді пайдалану үшін қажетті интеграцияланған ақпаратты жедел жинауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етеді. Атап айтсақ, барлық үлес түрлерімен жабдықтау, техникамен және кадрмен қамтамасыз ету, ресурстарды ауыстыру туралы мәліметтер.

Автоматтандырылған жүйе азаматтық салада қолданылатын ұқсас стандартты бағдарламалық платформаларға негізделген. Онда деректердің алмасуына арналған бірыңғай ақпарат қауіпсіздігінің ортасы бар. Бұны енгізу қаржы-экономикалық жағынан да тиімді.

Осы жүйені қолданудың арқасында басшылық құрам ағымдағы жағдайға сүйене отырып, күштер мен құралдарды пайдалануда анағұрлым оңтайлы шешімдерді шұғыл қабылдай алады. Ресурстарды басқаруды автоматтандыру штабтар мен әскерлердің қойылған міндеттерді орындауға ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге және олардың әлеуетін барынша пайдалануға бағытталған.