Жәнібек жылды қорытындылады

Жәнібек жылды қорытындылады
Сурет: Тolqyn.kz

Жерлесіміз ойларымен бөлісті

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) 2021 жылды қорытындылап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазба жариялады.

«Аллаға шүкір, 2021 жыл біздің командамыз үшін берекелі жыл болды. Екі бірдей бұрынғы әлем чемпионын жеңдік. WBO тұжырымы бойынша чемпиондыққа міндетті қарсылас атандық. Бұл біз үшін тарих. Бұйыртса, келер жылы әлем чемпионы атанып, әлемді шулатамыз! Жеңісті күндерде, жақсылықта жүздесейік!» - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global титулын сәтті қорғады.