Жұмыссыз жастар мемлекеттік гранттың иесі атанды

Жұмыссыз жастар мемлекеттік гранттың иесі атанды
tirshilik-tynysy.kz

Жұмыспен қамтылмаған жастарға арналған «Акселератор» жобасының 50 қатысушысы өз жобаларын іске асыруға мемлекеттік гранттар алды

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында «Almaty Resort» шипажайында жұмыссыз жастарға арналған «Jas Camp Almaty» жастар лагері – «Акселератор» жобасының елу финалисіне 1 млн. теңге көлемінде мемлекеттік гранттар салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бұл жоба бизнесті басқару саласында жаңа білім алу арқылы, жобалардың өсуін және оларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды табу арқылы қаланың жұмыспен қамтылмаған жастарын қолдауға бағытталған.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы - «Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы КММ.

Жобаға 1000-ға жуық «жұмыссыз» мәртебесінде тіркелген жастар қатысты, олардың 100-і 5 күн ішінде «Almaty Resort» кешенінің базасында білікті тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан шеберлік сағатынан өтті. Оқыту барысында жаңа бастаған кәсіпкерлерге қажетті дағдылар мен кәсіптерді үйренуге, қоғамдағы тәуелсіз өмірге бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыруға пайдалы дағдыларды игеруге ерекше назар аударылды.

Байқау негізінде 50 жас өз идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды.