Жол апаты салдарынан 7 адам зардап шекті

Жол апаты салдарынан 7 адам зардап шекті
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін қоғамдық көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды. Үш ересек адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне  сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып N7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмекпен қоса барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін жазғанымыздай Алматы қаласында жолаушы жанжал шығарып, қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған. Салдарынан бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.