Алматыда қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді

Алматыда қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді
Cурет: Ашық дереккөз

Колоректалдық қатерлі ісігі бойынша онкологтар тегін қабылдау жүргізеді

4-8 сәуір аралығында Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық апталығы шеңберінде 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісігі (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтар тегін қабылдау жүргізеді.

Консультациялық қабылдау уақыты-14.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

«МСАК ұйымдарының онкологтары «Жасыл дәліз» бойынша жұмыс сағаттарында тексеру кабинетінде немесе жалпы практика дәрігерінің қабылдауында анықталған онкопатологияға күдікті пациенттерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, кез келген күні емханаларда МӘМС шеңберінде әрбір жасы келген адам келесі тегін онкоскринингтерден өте алады:
1. колоректальды қатерлі ісік ауруына (50-70 жасындағы ерлер мен әйелдер);
2. Сүт безі обырына скрининг (40-70 жасындағы әйелдер)
3. Жатыр мойны обырына скрининг (30-70 жасындағы әйелдер).