Қазақстан азаматтары жыл сайын 1000-нан астам жетім баланы өз отбасыларына алады

Қазақстан  азаматтары жыл сайын   1000-нан астам жетім баланы  өз отбасыларына алады
Сурет: Gov.kz

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері әрбір жетім баланың отбасында өмір сүру құқығын қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Бұл туралы олар  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде жетім балалардың 80%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына берілген. Жыл сайын Қазақстан азаматтары өз отбасыларына 1000-нан астам жетім балаларды қабылдап келеді.

«Біз балалар үйлерін институционалсыздандыруды жалғастырып келеміз және 3 жыл ішінде олардың саны 21 ұйымға азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балаларды отбасыларға орналастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ интернат ұйымдары тәрбиеленушілерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Сондай-ақ, өткен жылы 700-ден астам жетім бала баспаналы болғанын айта кету керек, бұл олардың негізгі құқықтары және толыққанды дамуы үшін жағдай тудырудағы тағы бір маңызды қадам болды.