Жерлестеріміз волейболдан Гонконг құрамасын ұтты

Жерлестеріміз волейболдан Гонконг құрамасын ұтты
Сурет: Regnum.ru

Волейболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, волейболдан Азия чемпионатында отандастарымыз Гонконг құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жапонияның Чиба қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Азия чемпионаты болып жатыр. 

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізді.

Отандық спортшылардың бұл жолғы қарсыласы Гонконг құрамасы болды. Екеуара кездесу 3:0 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді. 

Қазақстан құрамасы қазіргі таңда 9-12 орындарды сарапқа салуда. 

Сондай-ақ, құрлықтық біріншілік 19 қыркүйекке дейін жалғасады.