Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосылады?

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосылады?
Сурет: Іnbusiness.kz

Аталған бағдарламаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеп жатыр.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтуынша, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске қосу үшін бірнеше ай керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінде отандық көліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарламаны іске қосу мәселесін шешу үшін бірнеше ай керек», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, өткен аптада Әлихан Смайылов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған бағдарламаға 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтқан. Бұл қаржы тұрғындарға отандық көліктер сатып алу үшін беріледі.