Жеңілдетілген автонесиеге электронды кезек іске қосылады

Жеңілдетілген автонесиеге электронды кезек іске қосылады
Сурет: Finlit.uz

Өтінімдерді қабылдау 6 ақпан күні сағат 10:00-де басталады.

Электронды кезек үшін арнайы autonesie.kz сайты әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеңілдетілген автокредиттің электронды кезегі 6 ақпанда іске қосылады. Бұл туралы өнеркәсіпті дамыту қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әди мәлімдеді.

Порталды алдымен пилоттық жоба ретінде сынап көреді.

Компьютерге NCALayer бағдарламасын ортанып алған жөн. Себебі электронды цифрлық қолтаңбаны қою керек болады. Сайтта өтінішті орындау барысын бақылап отыруға мүмкіндік болады.

«Қазіргі кезде револьверлік қаржының көлемі 7,6 миллиард теңгені құрап отыр. Ал несиенің шекті көлемі 10 миллион теңге. Сондықтан платформа қосылғанда 760 адам тіркеле алады. Адам саны соған жақындаған кезде платформа автоматты түрде жабылады және өтінім қабылдамайды», - деді Ғалымжан Әди.

Ақпан айында тіркелуге үлгермеген адамдар келесі айда өтініш жібере алады.

«Келесі айда қайтарылған ақшаның көлемі, шамамен, 100 адамға жетеді. Сондықтан платформа ай сайын ашылған кезде 100-ден астам орын болады», - деп атап өтті ол.