Асқар Ілиясов Мумбайды мойындатты

Асқар Ілиясов Мумбайды мойындатты
Сурет: ашық дереккөз

Үндістанда өткен халықаралық Мумбай киновестивалінде отандық киноактер Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Ақжолтай жаңалықты актер өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Белгілі болғандай, Асқар Ілиясов бұл марапатты «Паралимпиадашы» фильмінде сомдаған рөлі үшін алды. Онда актер басты кейіпкерді ойнады.

Сюжет желісі бойынша, шаңғы тебетін спортшы бала кезінен Олимпиада алтынын жеңіп алуды армандайды, бірақ, жол апатына түсіп, аяғынан айрылады. Жылдар бойы ол депрессияда болып, кейін Паралимпиада ойындарында бағын сынап көруді ойлайды. Фильм отандық паралимпиадашыларға арналған. Картинаның эпизодтары 2018 жылы Пхенчханда 1,5 шақырым спринтте жеңіске жеткен Қазақстан тарихындағы алғашқы қысқы Паралимпиада чемпионы Александр Колядиннің бастан кешкен шынайы оқиғалары негізінде құрылған.