Жел күшейіп, бұрқасын болады

Жел күшейіп, бұрқасын болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Көктайғақ болып, тұман түседі.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 21-23 желтоқсанда Қазақстанда екпіні 25 м/с жел соғып, көктайғақ, тұман күтіледі.

"Кезең басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар жауады. Күндіз қар мен жаңбыр жауып, түнде солтүстік пен шығыста қалың қар күтіледі. 23 желтоқсанда солтүстік-батыс циклонының ықпалында болатын Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады", – деді синоптиктер.

Гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, алдағы үш күнде ауа температурасының күрт өзгеріп кетпейді.