Қазақстаннан Украинға гуманитарлық көмектің тағы бір партиясы жөнелтілді

Қазақстаннан Украинға гуманитарлық көмектің тағы бір партиясы жөнелтілді
Сурет: Qazaqtv.com

Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Арнайы борт Алматыдан Польшаның Катовице қаласына аттанды. Оған азық-түлік, төсек-орын және тағы да басқа қажетті заттар бар, жалпы салмағы 17,5 тонна жүк артылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұған дейін де Қазақстан препараттар түріндегі гуманитарлық көмек жіберген еді.

Айта кетейік, гуманитарлық көмек Украина тарапының өтінішімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған. Ал жүк жеткізген ұшақ қайтар жолда Украинадан Польшаға жеткен қазақстандықтарды елге алып қайтады.