Жарақатсыз жаз

Жарақатсыз жаз
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаз балалар үшін жарақаттану қаупі болып саналады.

Шындығында көптен күткен жазғы демалыста балалар  көбіне өздерімен-өздері қалады және жол бойындағы, ойын алаңдарындағы, су жағасындағы болуы мүмкін қауіп-қатерді жиі ажырата бермейді. ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының ТЖД өкілдері мен құтқару қызметінің өкілдері жазғы уақытта орын алатын балалардың жиі жарақаттану жағдайлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қауіп тек демалыс орындарында ғана емес, үйде дболуы мүмкін. Алматы қаласы құтқару қызметінің сапаны бақылау қызметінің басшысы  Шыңғыс Тұрлыбековтың айтуынша, жаз мезгілінде балалармен болатын жағдайлардың басым бөлігі - үй-жайларда қалдыру және балаларды қол жетпейтін жерлерден шығару. Мәселен, өткен жылдың жазғы кезеңінде 2 мыңға жуық адам құтқарылды, оның ішінде 68 – і бала.

«Биыл маусым айында 4 бала құтқарылды. Олардың барлығы пәтерде қараусыз қалған.  Су айдындарына келетін болсақ, осы су қоймаларының жанында тұратын балалар оған түсу үшін ересектердің қадағалауынсыз жиі шомылуға келеді. Мұндай жағдайларда біз балаларды үйге қайтатырп жіберуге тырысамыз немесе профилактикалық әңгімелер жүргіземіз, оларды суға түсу ережелерімен таныстырамыз. Сондай-ақ, жазда біз барлық ересектерді суда болған кезде қауіпсіздікке назар аударуға шақырамыз. Ол үшін арнайы бөлінген жерлерде демалуға тырысу керек», - деді ол.

Балалардың жарақаттануының жиі кездесетін басқа себептері - отпен ойнау. Көбінесе ересектер сіріңкелерді, оттықтарды, электр құрылғыларын балаларға қол жетімді жерлерде қалдырады, бұлай жасаудың мүлдем қажеті жоқ.

«Жыл басынан бері Алматыда отқа абайсыз қараудың 25 жағдайы тіркелді. Көбінесе балалар сіріңкелермен ойнайды, от тұтатады. Оны балалар негізінен негізінен пәтерлерде, аулалар мен шатырларда жағып көреді. Терек пен құрғақ шөптің де өртену қаупі жоғары. Бұл ыстық күнде өрттің өте тез таралу қаупінің жоғары болуымен қауіпті», - деп атап өтті Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Жұматаев.

Құтқарушылар ойын кезінде балаларға төнуі мүмкін  қауіптер туралы қайталаудан жалықпайды және ересектерге балаларға  өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салуға кеңес береді. Балалар үшін нөмірлерді есте сақтау және қажет болған жағдайда ересектер болмаса, шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды білу маңызды.

«Қауіп төнген жағдайда бала не істеу керектігін және көмек алу үшін қайда қоңырау шалу керектігін білуі керек. Ол үшін балаңызбен өрт болуы мүмкін жағдайды қайталауды ұсынамыз, онда ол өзінің тегін, мекен-жайын айтып, қоңыраудың себебін хабарлауы керек. Сондай-ақ, бұл нөмірлерді қажетсіз жағдайда теруге болмайтынын атап өткен жөн. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балаларды қараусыз қалдырмау, оларға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін түсіндіру, олармен түрлі жағдайларды пысықтау қажет», - деп кеңес береді Е.Жұматаев.