Жаурап қалмау үшін жылы киіну керек

Жаурап қалмау үшін жылы киіну керек
Сурет: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Құрметті алматылық және қала қонақтары!

23 ақпанда сағат 20:30-да қар жауа бастады, ол 25 ақпанға қараған түнге дейін ара-тұра жалғасады. Күндіз ауа температурасы -3...-5 градус аяз.

Түнгі уақытта көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 168 құмсепкішпен жолдарға көктайғаққа қарсы материал себілді.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1175 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қар басуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілерінен және жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. 

Жаурап қалмау үшін жылы киіну керек. 

Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға, қатарларды сақтауға және маневрлерден аулақ болуға, көлік жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілерге қоғамдық көлікке ауысуға кеңес береміз.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 16:00-ден кейін 25 ақпан түніне дейін қар 1-2 см-ге дейін жауады. Күндіз -3…-5, түнде -10…-12 градус аяз)

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы