Жауапкершілік пен даналықтан тұратын ұлы қызмет...

Жауапкершілік пен даналықтан тұратын ұлы қызмет...
almaty-akshamy.kz

Ұстаз... Мектеп... Оқушы... Осы бір сөздерді естігеннен-ақ жүрегім жылып сала береді. Алдымнан қанша шәкірт түлеп ұшса да, өзіме алғаш әріп үйреткен ұстазымды естен шығарған емеспін. Өйткені, мен жеткен әр биікте алғашқы ұстазымның қолтаңбасы бар. Ұстаз болу – жанам деген жүрекке от беретін, жауапкершілік пен даналықтан тұратын ұлы қызмет... Шәкіртім білсін, үйренсін деген әрбір сәт – ұстаз үшін ең бақытты сәт, өйткені ұстаздық – кез келгенге бұйырмайтын сыбаға! Бақытын шәкіртінен іздейтін, ұстаздың тынымсыз еңбегінен тұратын, дара да дана мамандық. Сан жылдар бойы еңбек ете жүріп, түйгенім, ұстазды шабыттандырушы – шәкірт, ал шәкіртті шабыттандырушы – ұстаз!

Ұстаз – әр шәкірттің жүрегіне нұр құятын, күннің сәулесіндей оларды білім шыңына жетелейтін, аяулы да ардақты жан. Осынау ма­мандық иелерімен өмір мәнді, неге десеңіз, дана да, дара да ұстаз ал­д ы н а н ш ы ғ а д ы . Ұ л т ұ с т а з ы А.Байтұрсыновтың туған күні 5 қазанның ұстаздар күні болып аталуы – көңілге үлкен қуаныш ұялатқанын жасырмаймын. Алма­ты қаласындағы оқу-ағарту сала­сындағы, мектеп, балабақшаларда еңбек ететін барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, М.Мақа­таев атындағы №140 гимназияның ұстаздары жайлы тілек-толғауым­ды білдірмекпін.

Ұстаз – тілекпен, ниетпен, өзі­не айтылған алғыспен қанаттана­ды. Ұстазға шағым айту, еңбегін бағаламау – айыптардың ең ауыры. Ұстаз ешқашан шәкіртіне жаман­дық тілемейді, өйткені оның еңбегі сол өзі баптаған шәкіртпен бағала­нады. Ең алдымен, қоғам ұстазды қадірлеуге, құрметтеуге дайын болғанда ұстаз да шабыттана жұ­мыс жасайтынын ұмытпауымыз керек. Ұстаз шабыттанғанда не іс­тей алады? Шынайы шығармашы­лықпен үздіксіз ізденісте жұмыс жасайды, өткенге есеп беріп, жаңа­ны жоспарлайды. Осыдан қайнаған тіршілікке төзімді, жан-жақты тұлға қалыптастыруда тынбай ең­бектенетін әріптестер әлемі қалып­тасады. Ұстаздық, міне, осынысы­мен құнды, осынымен қастерлі! М.Мақатаев атындағы №140 гим­назия әкімшілігі басқару менедж­ментінде осыларды басшылыққа алады.

Білімді ұрпақ қалыптастыру үшін ұстаздың жағдайын жасауы­мыз керек. Ұстазға жасалған жағ­дай – ұрпаққа жасалған жағдай. Қазір мемлекет тарапынан ұстаз­дарға барлық жағдай жасалуда, ал қазіргі мақсат – әр мектеп басшы­сының өзі басшылық жасайтын мектепте қолайлы орта қалыптас­тыруы. Әр ұстаз – бір тұлға. Әрқай­сысының айтары бар, әрбірі толы кен, түртіп кетсең, шығармашы­лықтың лебі есетін, әрқашан оқу­шымен жұмыс жасауға ұмтылып тұратын ұстазға еркіндік беру арқы­лы көп түйінді мәселелерді шешуге болады.

Ол қандай еркіндік? Шығарма­шылық еркіндік пен көшбасшылық еркіндік. Әрбірінің айтарын тың­дап, ортақ шешім шығару арқылы шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген №140 гимназияның ұстаздары – осындай еркіндіктің иесі. «Педагоги­калық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде» деп ағартушы Ыбырай Ал­тынсарин айтқандай, №140 гимна­зия ұстаздары – жаңа инновациялық технологияларды меңгерген, білімді ұрпақты қанаттандыру жолында аянбай еңбектеніп келе жатқан, кәсі­би шебер мамандар С.Темірбаева, Н.Темірова, А,Ертуғанова, С.Сапа­рова, Л.Өмірзақова, Ш.Әбдібаева, Р.Сейдалиева, А.Бесірова, К.Ертуға­нова, Ж.Асанова, Г.Чайзаданова, Б.Искакова, Г.Дүйсенова, З.Назаро­ва, А.Жақыпбекова, Б.Сатаева, Е.Базылжан, Л.Қарғабаева, Ұ.Мыр­забекова, Қ.Қапшаевтар – гимназия мақтаныштары.

Әр педагог гимназияға қуана келіп, қуана қайтады. Неге десеңіз, педагогтің көңіл күйі жұмыстың сапалы жүруіне ықпалын тигізеді. Әрбір мұғалім ұстаздық қызмет барысында педагогикалық әдеп қағидарларын қатаң ұстанады. Ұс­таз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты дұрыс орнатуға негіз әрі ұжым ішіндегі, мұғалім­дер, оқушылар, ата-аналар арасына алтын көпір болуда.

Ұстаздық – ұлы қызмет. Осы­нау мамандықтың иесі бола жүріп түйгенім: ұлылықтың кілті – қара­пайымдылықта! Тарихта аты қал­ған небір дана, даралар өздерінің биіктігін қарапайымдылығымен танытқан. Гимназия ұстаздарының бір шоғырын кәсіби шебер, әдіскер ұстаздар құраса, бір шоғырын жас мамандар құрайды. 30-ға тарта ер мұғалімдер ұстаздық қызмет ететін гимназия – ұлттық құндылықтар­дың ордасы ретінде де танымал. Қыркүйек айының 23-і күні гимна­зияның өсіп-өркендеуіне үлес қо­сып келе жатқан ардагер, кәсіби шебер ұстаздары артқы толқынға үлгі-өнеге көрсету үшін, «Ұлық болсаң, кішік бол!» айдарымен ұс­таздар мерекесі қарсаңында бір тамаша жоба – «Тұлғаңды арманы­ма ұқсатқанмын» атты мұғалімдер күніне арналған музыкалық ревю өткізді. Бұның өзі алдыңғы толқын­ның ізбасар толқынға тамаша сыйы болды.

Гимназия ұстаздары 2014 және 2017 жылдары «Алтын белгіге» мектепті бітірген Н.Әбдіманап, Б.Шаизах, Б.Молдағали, Ж.Бесқұ­ланова сынды шәкірттеріміздің ал­тын ұя мектебіне оралып, қазіргі таңда ұстаздарымен үзеңгілес, әріптес екендігін мақтан етеді.

Сондай-ақ, ұжымдаса білгеннің ұтатынына, үлкеннің кішіге ізеті, кішінің үлкенге құрметі бар жерде бірлесе тірлік жасап, тамаша нәти­желерге қол жеткізуге болатынын гимназия ұстаздары дәлелдеп келе жатыр.

Ұстаз – биік әрі мәңгілік есім. Осынау ұлы мамандық иесі ретін­дегі еңбектеріңіз әрқашан еленіп, қадір-қасиеттеріңіз арта берсін! Сіздерге денсаулық, амандық, баянды ғұмыр тілеймін! Саналы ұрпақ қалыптастыру жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын! Қа­наттарыңыз талмасын, қаламдары­ңыз мұқалмасын, шабыттарыңыз сарқылмасын! Дарынды шәкірт­теріміз көп болсын!

Сәния ТІЛЕУБАЙ,  «Құрмет» орденінің иегері,

М.Мақатаев атындағы №140 гимназия директоры.