Жарайсың Жібек!

Жарайсың Жібек!
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары енді анықталады.

Бұған дейін Жібек Құламбаева Римдегі турнирдің чемпионы атанған еді.