Қазақстандық теннисші Бублик Франциядағы турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бублик Франциядағы турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: 24.kz

Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды.

Әлемнің 44-ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик Мец қаласында (Франция) өткен ATP-250 санатындағы турнирде табысты өнер көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Екінші айналымда Бублик Финляндия өкілі Эмиль Руусувуориді (51 АТР) есебімен жеңді 6:7 (4:7) 6:4, 6:3. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы 13 эйс, тоғыз екілік қате жасап қарсылас есебін арттырып, бес брейктің төртеуін өткізе алды.

Ширек финалда Бубликтің қарсыласы Хольгер Руне (Дания) мен Бенджамин Бонзи (Франция) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.