Сингапур ірі қаржы орталықтарының үштігіне енді

Сингапур ірі қаржы орталықтарының үштігіне енді
Сурет: Optima-engineering.com

Рейтинг көшбасшылары Нью-Йорк пен Лондон.

Сингапур Z/Yen британдық талдау тобы Қытай даму институтымен (Шэньчжэнь) бірлесіп жасаған рейтингте Гонконгты ығыстырып, әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының үштігіне кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Газеттің жазуынша, Гонконг бұрынғы позициясын коронавирусқа қатысты карантиндік шектеулерге байланысты жоғалтты. Сондай-ақ, рейтингте Токиода бірден 7-орыннан 16-орынға төмендеген. Ал Сингапур керісінше үш сатыға көтерілді.

«Гонконг және Токио сияқты қалаларға сапар шегуге қойылған шектеулер олардың қалыпты бизнесті жүргізу қабілетіне әсер етеді», – дейді агенттік зерттеушілері. 

Рейтинг көшбасшылары әдеттегідей Нью-Йорк пен Лондон. Үздік 10-дыққа Сан-Франциско, Шанхай, Лос-Анджелес, Пекин және Шэньчжэнь кіреді. Зерттеу 119 қаланы қамтыды.