Жансая Әбдімәлік қаламыздағы шахмат федерациясының президенті болды

Жансая Әбдімәлік қаламыздағы шахмат федерациясының президенті болды
Сурет: Оrtcom.kz

Федерацияның  мақсаты – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдыру.

Жансая Әбдімәлік жаңадан құрылған Алматы шахмат федерациясының президенті болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа ұйым Алматы қаласының Шахматшылар одағынан кері қайтарып алынғаннан кейін аккредитацияға ие болды және мегаполисте шахмат мәдениетін дамытатын болады.

Федерация мен оның президентінің мақсаты – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдыру және еліміздің басқа шахмат федерациялары үшін үлгі көрсету. Федерацияның президенті қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік болды.

«Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», – деп атап өтті Жансая Әбдімәлік.

Жоспарға сәйкес, Алматы мектептерінде шахмат сабақтарына арналған кабинеттер жабдықталады, мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы оқыту бағдарламалары, әдістемелік құралдар әзірленеді, сондай-ақ Мектеп лигасына қатысу үшін командалар құрылады. Мұндай тәжірибе Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді.