Жандарбек Бекшин онлайн құрбандық шалып, құттықтау жолдады

Жандарбек Бекшин онлайн құрбандық шалып, құттықтау жолдады
Сурет: Жандарбек Бекшиннің Facebook парақшасынан алынды

Алматы қаласының бас санитары құрбандық шалуды онлайн режимде жүзеге асырудың тиімді әрі ыңғайлы екенін  айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Қасиетті Құрбан айт – мұсылман қауым үшін айтулы мереке. Биылғы эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге болады. Мұның барлығы халықтың денсаулығын сақтау үшін жасалып жатыр», - дейді бас санитар.

Өзі де ел қатарлы www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбандық шалғанын айтады.

«Мен бәрін түсінемін. Өзімнің де ағайын-туыстарым бар. Айт күндері ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, арқа-жарқа болып мерекелеуге болар еді. Бірақ эпидемиологиялық ахуал ушығып тұрған кезде карантиннің талаптарына бағынуға тиіспіз. Сондықтан Құрбан айтта санитарлық талаптарды ескеріп, қаламызда вирустың өршімеуі үшін жауапты болыңыздар. Құрбан айт құтты болсын! Жаратқан құрбандықтарыңыз бен дұғаларыңызды қабыл етсін!» - деп жазды Жандарбек Бекшин.