Жандарбек Бекшин елде бар тұмауға қарсы вакцина түрлеріне тоқталды

Жандарбек Бекшин елде бар тұмауға қарсы вакцина түрлеріне тоқталды
сурет: Inbusiness.kz

Алматы қаласында тұмау маусымындағы вакцина мәселесі қарастырылды.

Алматы қаласында жаңа тұмау маусымының алдында қосымша 50 мың екпе дозасын сатып алу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

«Тұмаудың жаңа маусымы алдында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 130 мың дозаға сұраныс жіберді. Сондай-ақ, қосымша 50 мың дозаға сұраныс жіберу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді ведомство басшысы.

Жандарбек Бекшин елде бар тұмауға қарсы вакцина түрлеріне тоқталды. Ол қандай да бір екпені жарнамалағысы келмейтінін айтып өтті.

«Дәл қазір қандай екпе жеткізілетінін айта алмаймыз. Өйткені, конкурстық процедураларды Денсаулық сақтау министрлігі өткізеді. Голландияның «Инфлювак» вакцинасы туралы білеміз. Бізде Ресейдің «Гриппол» және тағы Франция екпесі бар. Олардың тиімділігі дәлелденген. Сол себепті жеке бір вакцинаны алып жарнамалағым келмейді», – деді Жандарбек Бекшин.

Мұнымен қатар, ведомство өкілі аталған екпелерді ақылы негізде алу мәселесіне тоқталды.