Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Сурет: Ашық дереккөз

16 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді

Оқиға 21 маусымның түнінде "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 389 шақырымында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Жамбыл облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратқа сай, Тұрар Рысқұлов ауданында Алматыға бара жатқан автобус апатқа ұшыраған. Көліктің сау-тамтығы қалмапты. 2 жолаушы қайтыс болып, 16 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.