Жалған вакцина паспортын сатып алған алматылықтар екпе салдырып жатыр ма?

Жалған вакцина паспортын сатып алған алматылықтар екпе салдырып жатыр ма?
almaty-akshamy.kz

Жалған вакцина паспортын сатып алған алматылықтар қайтадан екпе салдырып жатыр ма? Бұл сауалға брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Біз Алматыда екпе төлқұжатын сатып алушылардың нақты санын әлі білмейміз. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бірақ 20-ға жуық факті тіркелгенін білеміз. Үкімет оларды вакциналау туралы шешім қабылдаған жоқ. Күні бүгінге дейін жалған құжаты бар тұрғындардың ешқайсысы вакцина салдыруға келген жоқ», - деп жауап берді Нариман Табынбаев.