Жалған сөз жарға жықты

Жалған сөз жарға жықты
Сурет: интернеттен

Президент жалған ақпарат таратпау қажет екенін ескерткен.

«Жаңаөзенде жол жабылды» деп алаңдаушылық сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқан жаңаөзендік жазаланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендікті полицейлер бірден анықтады.

Ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456 бабының 3 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

«Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», дейді Жаңаөзен полициясы.

Бұдан бұрын мемлекет басшысы Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет екенін айтқан болатын.