Жалақыны кешіктіргені үшін жұмысшыға өтемақы қоса төлеуді міндеттейтін заң қабылданды

Жалақыны кешіктіргені үшін жұмысшыға өтемақы қоса төлеуді міндеттейтін заң қабылданды
Сурет: Islam.kz

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жұмысшылардың құқығын қорғау бағытында аса маңызды құжатты қабылдады.

Бұл жайында Islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталмыш заң жобасын қабылдауға конституциялық сотқа келіп түскен шағым себеп болған. Дегенмен, мақұлданған заңда жалақыны қанша күн кешіктіргеннен кейін өтемақы есептелетіні айтылмаған. Депутаттар бекіткен жаңа нормаларға сәйкес өтемақы мөлшері қызметкер оны алуы тиіс күннен бастап түпкілікті төлем жасағанға дейін нақты төленбеген ақшадан есептелетін болады.