Тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді – министр

Тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді – министр Сурет: ortalyq.kz

Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі


Қазақстанда тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.


Оның айтуынша, балабақшалардың қолжетімділігі мен сапасына баса мән беріледі.



«2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады. Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға беруді әрі қарай жалғастырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақылары көбейтіледі. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылады», – деді министр Үкімет отырысында.



Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді шаралар қарастырылатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13