Tartyl Fest: Аға буын да белсенді

Tartyl Fest: Аға буын да белсенді
Сурет: Қайрат ҚОНЫСБАЙ

«TARTYL FEST» республикалық турникте тартылу фестивалінде аға буын өкілдері де ерекше белсенділік танытуда. Олар да жастардан қалыспай турникке тартылудан көш бастап тұр. Жеңуді мақсат етпесе де, қатысуды місе тұтқан тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

«Менің жасым 62-де. Осы Алматы қаласының тұрғынымын. Өзім де біраз жылдар спортпен айналысқандықтан турникке тартылудан жарыс өтетінін естігенде қуанып қалдым. Немерелерімді тамашалауға ертіп келдім. Жастармен тайталаса алмасақ та бағымызды сынап көрдік. Мына жерден қатарластарымды да көріп қалдым. Үйде аяқты көтеріп қойып жатқанан гөрі спортпен айналысқанымыз жастарға үлгі болмақ. Жарысты ұйымдастырушыларға айтар бір тілегім бар, 50-60 жас аралығындағы буынды жеке топтастырса деген үміттемін. Өйткені 30 жасар азаматтардың күші бізден бәрібір басымдырақ болады ғой. Осы жағын да ескерсе деймін. Аға буынның осындай шараларда білек сыбана кіріскені жақсы емес пе?»,–дейді қатысушы Оразбек Жантекеев.