Зейнеп Ахметова Алматы полицейлерімен кездесті

Зейнеп Ахметова Алматы полицейлерімен кездесті
Сурет: Polisia.kz

Жазушы, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова бала тәрбиесінің ерекшеліктері туралы дәріс оқыды.

Отбасылық құндылықтар мен естеліктерге арналған шығармалар топтамасының авторы, өз тәжірибесінен тәртіп сақшыларына отбасында өзара сыйластықты сақтау және балаларды дұрыс тәрбиелеу бойынша кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз – әдептілік, адамгершілік, инабаттылықта өскен ұрпақпыз. Шараның басты мақсаты – Қазақстан полициясының имиджін көтеру, ержүректілікті дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеу. Өлшеусіз өнеге көрсеткен Зейнеп апамызды мақтан тұтамыз, тамсанамыз. Сізге шын жүректен алғыс айтамыз», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.