Зайнутдинов отандық футболдағы баға рекордын жаңартты

Зайнутдинов  отандық футболдағы баға рекордын жаңартты
Сурет: Sports.ru

Бақтиер Зайнутдиновтың құны көтерілді.

Қазір Қазақстандық футболшының бағасы 6,5 млн еуроны құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл «Бешіктастың» жейдесін киген аладоп шебері Еурокубок додасында жақсы қырынан танылды.

Маусым айында Мәскеулік ЦСКА сапында жүргенде жерлесіміздің құны 5 млн еуро еді. Түркияға ауысқалы Зайнутдиновтың мәртебесі ғана емес, бағасы да көтерілді. Бақтиер қазақ футболындағы ең қымбат ойыншы саналады. Екінші орында «Зенит» қорғаушысы Нұрәлі Әліп тұр. Оның нарықтағы бағасы 1,2 млн еуроны құрайды.