Заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің тізімі

Заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің тізімі
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Алматыда пәтер сатып алуға ұсынылмайтын ТК тізімі жарияланды.

Желілерде құрылысқа қажетті рұқсат пакеттері жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы хабарландырулар тарауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін дайындады:

  1. «KHAN» клуб үйі – Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ.

      2.​"Castle Rock" ТК - Бостандық ауданы, Ерменсай ы/а, Көлсай к-сі, 31/3, СЖТ, жоба эскизі – жоқ

  1. «Rich» клуб үйі – Бостандық ауданы, Мирас ы/а 24/1, 24/2, 25/5, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ
  2. “Esentai Terrace” клуб үйі (бұрынғы Pine Hill резиденциясы) Медеу ауданы, 2-көше, 33 учаске, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ
  3. «Alma Garden» клуб үйі – Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9 учаскелер, СЖТ, жоба эскизі – жоқ.
  4. Chelsea Club House клуб үйі - Медеу ауданы, Таулы қырат, Сызғанов/Шукшин көшелері, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  5. «Цюрих» ТК – Наурызбай ауданы, Сейітбеков к-сі 18, 18А, 18Б, СЖТ, жоба эскизі – жоқ.
  6. «Flora» ТК - Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ы/а, Таутаған көшесі 6, 8,10. СЖТ, жоба эскизі - жоқ
  7. «Lantana» ТК – Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі. СЖТ, жоба эскизі - жоқ.

Еске салайық, салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының сенім телефоны – 8 (727) 229-81-36 арқылы білуге ​​болады.