Заңгер кеңесі: Сот ісінде дәлелдемелерді ұсыну тараптардың мойнында болады

Заңгер кеңесі: Сот ісінде дәлелдемелерді ұсыну тараптардың мойнында болады
pravmir.ru

Сұраққа заңгер Бағдат АМАНДОСҰЛЫ жауап береді

 Кез келген іске обьективті құқықтық баға берілуі керек екені белгілі. Қоғам заңға, сот үкіміне сене ме?

– Соттың шығарған үкімі болсын, шешімі болсын, міндетті түрде бір тарап оған қанағаттанбайды. Өйткені, ол бір ғана тараптың пайдасына шешіледі ғой. Ал пайдасына шешілмеген тарап өмір бойы соттың шешіміне, қабылдаған актілеріне қанағаттанбайтын болады.

Медиациялық келісімге келсе ғана екі тарап та қанағаттанады. Біз мынаны түсінуіміз керек. Сот ісінде дәлелдемелерді ұсыну тараптардың мойнында болады.

Берілген дәлелдемелерге сот құқықтық баға береді. Сот дәлелдеме сұрай алады. Дәлелдемелерге обьективті түрде құқықтық баға бере отырып, сот шешім шығарады.

Әзірлеген Гүлжанат СЕМБАЕВА.