Үстел теннисінен ел құрамасының әлем чемпионатына дайындығы қандай?

Үстел теннисінен ел құрамасының әлем чемпионатына дайындығы қандай?
Сурет: olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының тәлімгерлері - Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко, Дмитрий Левенко 16-25 ақпан аралығында Кореяда өтетін әлем чемпионатының алдында Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Жеке жоспар бойынша Германияда Кирилл Герасименко, Қытайда Алан Құрманғалиев, Германияда Анастасия Лаврова жаттығуда.

Қазақстанның оңтүстік астанасындағы ОЖЖ-ға Әзірбайжан құрамасы да қатысуда, олар біздің жетекші теннисшілермен спарринг өткізуде.