Үш жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Үш жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды
Сурет: Elorda.info

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда.

Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы  ұсталды.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде.

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.