Құрылыс нысандарында жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар ұсталды

Құрылыс нысандарында жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ

"Құқықтық тәртіп" кең ауқымды іс-шарасы барысында Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Шетел азаматтары шоғырланған жерлерге назар аударылды: құрылыс нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, хостелдер және т.б. Іс-шараның бірінші күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетелдік: Өзбекстаннан – 45, Түркиядан – 5, Нигериядан – 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 59 шетел азаматы орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдаған 18 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.