Үш оқушыны жарақаттаған петропавлдық жасөспірім екі айға қамалды

Үш оқушыны жарақаттаған петропавлдық жасөспірім екі айға қамалды
Сурет: News.zerkalo.io

Петропавлда мектепке пышақ пен балта әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысына сот 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын тағайындады. 

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханада жатыр. 

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан, Алматы қаласының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген.