Белдің ауыруы «омикрон» белгілерінің бірі болуы мүмкін

Белдің ауыруы «омикрон» белгілерінің бірі болуы мүмкін
Сурет: Vest-news.ru

Белдің ауыруы қандай сырқаттан белгі беруі мүмкін?

ОАР дәрігерлері белдің ауыруы «омикронды» жұқтырудың белгісі болуы мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РЕН-тв сайтына сілтеме жасап.

Десе де, бел ауырып, ауру белгілері суық тию симптомдарына ұқсаса да, бұл «коронавирус» жұқтырғанын білдірмеуі де мүмкін, деп мәлімдеді Ресейдің еңбегі сіңірген дәрігері, мануалды терапевт Андрей Кабыкин. 

«Бәрін "омикронға" жаба салмайық: көптеген басқа да вирустар, соның ішінде, тұмау вирусы кезінде, герпесте де белдің ауыруы  мүмкін», - деп мәлімдеді ол. 

Дәрігер мұндай ауру белгілері кез келген инфекциялық ауру кезінде пайда болатынын атап өтті. Оларды миалгия деп атайды. 

Кабыкиннің айтуынша, белдің ауыруын жүздеген себептермен түсіндіруге болады, оның нақты себебін білу үшін мамандарға жүгінген дұрыс болады.