Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

1 наурыз, сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 1 наурызда еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Балқаш, Ақтау, Алматы қалаларында ғана ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.