Үндістанда аурухананы су басты

Үндістанда аурухананы су басты
Сурет: ашық дереккөз

Үндістанның солтүстігінде төпелеп жауған нөсер елге ауыр соққы болып тиді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Джайпур қаласында ауруханаларды және білім ордаларын су басып қалды. Науқастар бөлмелерінде тізеден келетін су кешіп жүруге мәжбүр. Барлық медициналық аппарат жарамсыз болып қалған, -деп жазады «Хабар 24». Қазір өңірде қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ мамандар шығын шаш етектен деп дабыл қақты. Қазір жергілікті билік шығын көлемін есептеп жатыр. Үндістанда қатты жауын-шашын осы демалыста басталған еді. Салдарынан солтүстік аймақтарда су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, көз жұмғандардың саны 22-ге жетті.